Аспанға өрлеген күл аралас түтін 18 шақырымға дейін көтерілген. Оның қалдығы жақын маңдағы елді мекендерді баса бастады. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ. “Рейтер” агенттігі “бірақ қауіп өте жоғары” дейді. Метеорологтар күшті жаңбыр жауса, сел жүруі мүмкін деп ескертті. Айта кетейік, Индонезия Тынық мұхитының сейсмикалық қарқыны жоғары отты шеңбер деп аталатын аумақта орналасқан ел. Мұнда 120-дан астам белсенді жанартау бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.