Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесі АҚШ-пен уақытша бітімге қатысты мәлімдеме жасап, келіссөздер басталатын күнді атады, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған astana24.com.
Ведомствоның мәліметінше, келіссөздер жұма, 10 сәуірде Пәкістан астанасы Исламабадта басталады.
Тегеран барлық келіссөз процесіне екі апта уақыт бөлген, осы уақыт ішінде атысты тоқтату тәртібі белгіленеді.
"Келіссөздер Исламабадта жұма, 10 сәуірде басталады, америкалық тарапқа толық сенімсіздікпен. Иран оларға екі апта уақыт бөледі. Бұл мерзім тараптардың келісім бойынша ұзартылуы мүмкін. Осы кезеңде толық ұлттық бірлік сақталуы керек", – делінген мәлімдемені Иран мемлекеттік телерадиокомпаниясы жариялады.
Осы кезеңде атыс тоқтатылады, бұл ретте Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-пен келіссөздер процесі Америка Құрама Штаттарымен арадағы соғыстың аяқталуын білдірмейтінін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ пен Иран екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келгені белгілі болған еді.
