in

Иран Израильдің тыңшысы деген күдікпен 20 адамды қамауға алды

Иран соңғы бірнеше айда Израильдің «Моссад» барлау қызметінің қызметкерлері болуы мүмкін 20 адамды қамауға алғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Reuters жазуынша, елдің сот органдары олардың ешқандай жеңілдікке ие болмайтынын және қатаң жазаланатынын ескертті.

Сәрсенбі күні Иран билігі Рузбех Вади есімді атом ғалымын өлім жазасына кесіп, үкімді орындады. Ол Израильдің пайдасына тыңшылық жасады және маусым айында Израильдің әуе соққысынан қаза тапқан басқа бір атом ғалымы жайлы ақпарат берді деген айыппен сотталған еді.