in

«Керек болса әскер жібереміз»: Трамп Нигериядағы христиандарға қауіп төніп тұрғанын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Нигерияда христиан қауымына қарсы зорлық-зомбылық күшейіп бара жатқанын айтып, ел билігін сынға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Reuters мәліметінше,  ол Нигерия билігі дін еркіндігін қорғауға тиісті шаралар қабылдамаса, АҚШ тарапынан қатаң қадамдар жасалатынын мәлімдеді.

Вашингтон Нигерияны діни сенімге қысым жасалатын мемлекеттердің арнайы тізіміне қайта енгізді. Бұл шешім АҚШ-тың елге көрсетіп келген гуманитарлық көмегіне әсер етуі мүмкін.

Нигерия үкіметі өз кезегінде айыптауларды жоққа шығарып, елде діни еркіндік қамтамасыз етілгенін және экстремизммен күрес жалғасып жатқанын хабарлады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз