in

Лос-Анджелесте иммиграциялық рейдтерге қарсы наразылық өтті

Лос-Анджелес пен оның маңайындағы қалаларда иммиграциялық рейдтерге қарсы жаппай наразылықтар өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

CNN.com мәліметінше, шеру жұма күні федералды иммиграциялық агенттердің кемінде 44 адамды ұстауынан кейін басталды.

Сенбі күні Калифорния штатындағы Парамаунт қаласында полиция мен наразы топ арасында қақтығыстар болды. Құқық қорғау органдары көзден жас ағызатын газ бен жарық-шулы гранаталар қолданды, бірнеше адам ұсталды.

Осы жағдайдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Лос-Анджелеске 2000 Ұлттық гвардия сарбазын жіберуге бұйрық берді. Алайда Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом бұл шешімді «қасақана арандату» деп атады. Мэр Карен Басс та қалада гвардия сарбаздары байқалмағанын мәлімдеді.

Лос-Анджелес полициясы наразылықтардың басым бөлігі бейбіт түрде өткенін хабарлады. Дегенмен Аламеда ауданындағы иммиграциялық орталық маңында наразылар жолды бөгеп, полиция ескертуіне қарамастан тарқамай қойды. Кейбір азаматтар «заңсыз жиналыс аймағына» қайта кіріп, нәтижесінде бірнеше адам ұсталып, кейбіріне қатысты іс қозғалды.

Шериф департаментінің мәліметінше, кей наразылар құқық қорғаушыларға фейерверк лақтырған. Полиция бұл аумақты тазарту үшін күш қолдануға мәжбүр болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз