Исак Альмейда бардан бірден шығып, тікелей жарысқа қатысқан. Ол 8 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Масаң күйдегі бразилиялық ер адам тәпішкесін киіп, кәсіби жүгірушілермен бірге марафонға қатысып, жарысқа арнайы дайындалған бірнеше спортшыны басып озды.
Мәреге жеткен соң ұйымдастырушылар оған медаль табыстады. Ал марапаттау сәтінде Альмейда екі ауыз сөздің басын қоса алмай, өз ойын жеткізе алмады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.