in

Путин Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады

Ресей президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай 11 сәуір сағат 16:00-ден 12 сәуірдің соңына дейін дейін бітім жариялады, деп хабарлайды Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасаған astana24.com.

"Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы В.В. Путиннің шешімімен, жақындап келе жатқан православие мерекесі Пасхаға (Қасиетті Христостың қайта тірілуі) байланысты 2026 жылғы 11 сәуір сағат 16:00-ден бастап 2026 жылғы 12 сәуір күннің соңына дейін бітім жарияланды", – делінген Кремль сайтында жарияланған хабарламада.

Хабарламада Ресей Қорғаныс министрі А.Белоусовке және РФ ҚК Бас штабының бастығы – Біріккен әскерлер тобының қолбасшысы, армия генералы В.Герасимовке осы кезеңде барлық бағыт бойынша әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы нұсқау берілгені айтылған.

Сондай-ақ хабарламада Ресей Украина тарапы да осыны ұстанады деп күтетіні айтылған.