in

Ресей Украинаны басып алу қарқынын үдетіп жатыр: The New York Times бұл қалай мүмкін болғанын түсіндірді

2025 жылдың маусым айында Ресей Украина аумағынан шамамен 556 шаршы шақырым жерді бақылауына алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

The New York Times басылымы жазғанындай, бұл Ресей армиясының соңғы айлардағы ең ірі аумақтық ілгерілеуі болып отыр.

Әсіресе, Донецк облысының Новопавловка және Покровск бағыттарында ресейлік күштер шоғырланып, белсенді шабуылдар жүргізді. Украина қарулы күштері бұл аудандарда қорғанысты ұстап тұруда елеулі қиындықтарға тап болған.

Сонымен қатар басылым Ресейдің бұл жетістігі үлкен экономикалық және саяси шығындармен қатар жүріп жатқанын атап өтеді. Ел бюджетінің елеулі бөлігі соғыс шығындарына бағытталып, азаматтық сектор мен әлеуметтік бағдарламаларға қысым күшейген. Сарапшылар бұл жағдайды ұзақмерзімді тұрақсыздықтың белгісі ретінде бағалап отыр.

The New York Times дерегінше, Ресей билігі әскери шығындарды арттыра отырып, соғысты жалғастыруды көздеп отыр. Алайда бұл шешім халықаралық оқшаулануды тереңдетіп, экономикаға ауыр салмақ түсіріп жатқанын көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз