7 қыркүйек күні түнде Ресей армиясы Украинаға рекордтық көлемде әуе шабуылын жасады. Бұл туралы Украина Қарулы күштері Әуе күштері қолбасшылығының коммуникация басқармасының бастығы Юрий Игнат мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Оның айтуынша, шабуылға пайдаланылған барлық зымырандар – жерүсті кешендерінен атылған. Шабуылдан ең көп зардап шеккен аймақтар – Одесса, Киев, Днепропетров және Запорожье облыстары.
“Қазірдің өзінде 54 дронның тікелей соққысы тіркелді. Сонымен қатар кейбір ұшқышсыз аппараттар атып түсірілгеннен кейін құлап, зардап келтірген жағдайлар да болды”, – деді Игнат.
Сондай-ақ ол 9 зымыранның тікелей тигені расталғанын айтты.
“Бұл түн өте ауыр болды. Қазір әлемдік медиалар тағы бір антирекорд туралы жазатын болады. Барлығы 823 әуе шабуыл құралы қолданылғаны – Украина үшін бұрын-соңды болмаған көрсеткіш”, – деп толықтырды Игнат.
Қазіргі уақытта шабуыл салдары мен зардаптары нақты анықталу үстінде.