Сауд Арабиясының ірі компаниялары — ACWA Power және Saudi Telecom Company (STC) — соғыстан қираған Сирия экономикасын қалпына келтіруге қатысуға дайын екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Reuters дерегінше, ел энергетика мен телекоммуникация саласына миллиардтаған доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр.
Алайда бұл бастамаға басты кедергі — АҚШ енгізген Caesar Act санкциялары. Бұл заң Сирия режимімен кез келген экономикалық әріптестікті шектейді және Батыс елдерінің қаржысын тартуға мүмкіндік бермей отыр.
Сарапшылардың пікірінше, Сауд Арабиясының бұл қадамы БАӘ мен Иордания бастаған Сириямен қайта байланыс орнату саясатының жалғасы болуы мүмкін. Дегенмен, АҚШ пен Еуропаның санкциялары алынбайынша, жоба толық іске аспайтыны айтылады.
