in

Сирия мен Израиль бейбіт келісімге келді

Сирия мен Израиль бітімге келді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Келісім АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың қолдауымен жасалған. Бастаманы Түркия мен Иордания да қолдады.

Еске сала кетейік, 16 шілде күні Израиль әскері Дамаскідегі сириялық бас штабтың ғимаратына және президент сарайына соққы жасаған еді. Операцияның мақсаты Эс-Сувейда провинциясында уақытша үкімет күштерімен шайқасып жатқан друздар қауымын қолдау болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.