in

Солтүстікте табыс, оңтүстікте қауіп: Украинаның соғыс картасы

Украина жауынгерлері Сум облысында Ресей әскерін шегіндірді, бірақ жау Запорожье бағытында ілгеріледі.

DeepState жобасының мәліметінше, Украина Қарулы күштері Сум облысының Хотин қауымдастығы аумағындағы Константиновка және Новоконстантиновка елді мекендері маңында ресейлік әскерді шегіндірді.

Сонымен қатар ресейліктер Запорожье облысы, Гуляйполе қауымдастығына қарасты Темировка ауылын басып алды. Жау әскерінің ілгерілеуі Харьков облысы Купянск маңында және Новоивановкаға жақын жерде де байқалды.

«Днепр» тобының хабарлауынша, Купянск маңындағы ресейлік әскердің қозғалысына пайдаланылған құбыр желілері Украина қорғаушыларының бақылауында, олардың көпшілігі зақымдалып, суға толған.