Түркияда алапат орман өртінен 13 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Аikyn.kz 24 kz-ке сілтеме жасап.
Ресми деректерге сәйкес, ел аумағында 76 өрт ошағы тіркелді. Тілсіз жау 300-ден астам тұрғын үй мен бірнеше ауылды күлге айналдырды. Өрт Бурса, Мерсин, Карабюк және Сакарья қалаларына да жақындап қалған.
Орман өртіне қарсы күреске 25 мыңнан астам құтқарушы мен жүзден астам техника жұмылдырылды. Соған қарамастан жалынды ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Оған аймақтағы аптап пен екпінді жел кедергі болып тұр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.