Түркияның Кютахья провинциясына қарасты Симав ауданында магнитудасы 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
AFAD дерегінше, жер сілкінісі 12:59-да, 8,46 шақырым тереңдікте болған. Дүмпулер Ушак, Балыкесир, Бурса және Биледжик өңірлерінде де сезілді.
Ішкі істер министрі Али Ерликая барлық тиісті мекемелердің оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Қазіргі таңда адам шығыны да, ірі материалдық зиян да анықталған жоқ.
Кютахья губернаторы Муса Ишин эпицентр болған Йемишли ауылына барып, жағдайды бағалады. Оның айтуынша, тек сегіз ескі, бос тұрған үйдің қабырғалары қираған, ал тұрғын үйлерге зақым келмеген. Арнайы құрылған сегіз бригада аймақтағы үйлерді тексеріп жатыр.
Жергілікті халық дүмпудің қатты сезілгенін айтып, үрейленгенін жеткізді. Кейбір үйлерде жиһаздар құлап, адамдар үйлерінен шыға алмай қалған. Дегенмен ресми мәлімет бойынша, ауыр зардап жоқ.