in

Түркияның Кахраманмараш қаласы маңында жер сілкінісі болды

Түркияның Кахраманмараш қаласында магнитудасы 4 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

Дүмпу сағат 05:59-да Эльбистан ауданында болған. AFAD агенттігінің мәліметінше, зілзаланың ошағы 19,74 шақырым тереңдікте орналасқан. Алдын ала ақпарат бойынша, қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын дәл осы өңірде қуатты жер сілкінісі болып, көп адам қаза тапқан.