in

Түркия астанасында жер сілкінді

Анкарада 4,1 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8 жарым шамасында байқалған, – деп хабарлайды  Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Ошағы – Анкараның солтүстігінде орналасқан Каледжик ауданы.

Ғаламдық апаттар мен төтенше жағдайларды басқару агенттігі келтірген дерекке қарағанда, дүмпудің тереңдігі шамамен 11 шақырым жерде орналасқан. Әзірге зардап шеккендер мен адам шығыны туралы мәлімет жоқ.

Анкара қаласында мұндай жер сілкінісі сирек тіркелгенімен, Түркия жалпы сейсмикалық тұрғыдан белсенді елдердің қатарына жатады.