Еуропалық одақтың сыртқы істер жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас Украинадағы соғыс жақын арада аяқталмайды деген пікір білдірді. Бұл туралы ол испандық El Pais басылымына сұхбатында айтты.
Калластың айтуынша, қақтығыс кемінде тағы екі жылға жалғасуы мүмкін. Басылым жазғандай, Еуропарламент дәліздерінде де соғыстың ұзаққа созылатыны айтылып жүр. Кейбір еуропалық саясаткерлер бейбітшілік тек Украина мен Ресей басшылығы өзгергенде ғана мүмкін болады деп санайды.
El Pais сонымен қатар Ресейдің соңғы әрекеттері жағдайды ушықтырып отырғанын атап өтті. Газет атап өткендей, кеше Польшаға жасалған шабуыл Мәскеудің «батылдығын арттырғанын» көрсетеді.