Бүгін, 1 маусымда Украина Ресейдің стратегиялық әскери авиациясына қарсы ең ауқымды және ұзақ қашықтықтағы дрондық шабуылын жүзеге асыр ды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
unian.net ақпаратына сәйкес, СБУ (Украина Қауіпсіздік қызметі) ұйымдастырған бұл операция «Өрмек» деп аталып, Ресейдің төрт ірі әскери аэродромын, атап айтқанда «Белая» (Иркутск облысы), «Оленья» (Мурманск облысы), «Дягилево» (Рязань облысы) және «Иваново» нысанаға алды.
Шабуыл нәтижесінде кемінде 40 стратегиялық бомбалаушы ұшақ, соның ішінде Ту-95, Ту-22М3 және А-50 радиолокациялық барлау ұшағы жойылды (немесе ауыр зақымданды). Алдын ала бағалау бойынша, Ресей әуе күштеріне келтірілген шығын 2 миллиард доллардан асады.
Бұл операцияның ерекшелігі – дрондардың Ресей аумағына жасырын түрде енгізіліп, жүк көліктерінің ішінде орналастырылуы. Дрондар арнайы механизм арқылы көліктерден ұшырылып, аэродромдарға шабуыл жасаған. Бұл тәсіл шабуылды күтпеген жерден жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Украина тарапы бұл шабуылды Ресейдің Украина қалаларына жасаған әуе шабуылдарына жауап ретінде сипаттап, Ресейдің әуе үстемдігіне соққы болғанын мәлімдеді. Ресей билігі шабуыл фактісін растағанымен, нақты мәліметтер беруден бас тартты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз