Украина Ресейдің шағын дрондарын жоюдың жаңа жолын тапты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
УНИАН сайтының мәліметінше, Brave1 жобасы жариялаған видеода украин сарбаздары кәдімгі 5,56 мм калибрлі оқпен (мысалы, CZ Bren немесе M4 автоматы арқылы) дрондарды атып түсіріп жатқаны көрсетілген. Бұл әдіс – арзан әрі кез келген сарбаз пайдалана алатындай қарапайым жол.
Сондай-ақ Украина Operation Spider’s Web деген операция жүргізіп, 117 дронды Ресейдің ішкі әскери және қойма нысандарына бағыттаған. Бұл дрондар арзан болса да, үлкен зиян келтірген. Осы тәсілдер арқылы Украина қымбат зымырандарсыз-ақ дрон шабуылына қарсы тиімді әрекет жасап отыр.