Украинаның Қарулы Күштері алғаш рет италиялық B1 Centauro атты дөңгелекті танк жойғыш машиналарын қолдана бастады. Бұл туралы Military Journal Telegram арнасы хабарлады.
78-десанттық-шабуылдау полкінің видеосында B1 Centauro техникасы алғаш рет майданда көрінді. Кадрларда машиналардың қосымша қорғаныс торларымен және кумулятивті қалқандармен жабдықталғаны байқалады.
Бұған дейін бұл техниканың Украинаға берілуі туралы ақпарат бірнеше рет тарағанымен, нақты дәлел енді ғана пайда болды. Қазіргі уақытта неше бірлік техника жеткізілгені және жеткізілімнің жалғасып-жатқаны белгісіз
Defense Express мәліметінше, B1 Centauro — италиялық Fiat пен OTO Melara компаниялары бірлесіп жасаған 8×8 дөңгелекті танк жойғыш. Ол өз қару қуатымен Leopard 1 танкіне тең. Бұл машиналар бұған дейін Бразилия, Испания, Иордания және Оман армияларында пайдаланылған.
Қазіргі таңда Италия армиясының қару-жарағында осындай 250-ден астам техника бар
