in

Халықаралық іздеуде болған қылмыстық топ мүшесі Дубайда ұсталды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан А.Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының сыбайласы экстрадицияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді.

Қылмыстар жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстар бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.