Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуршид Чокси бастаған АҚШ-тың сауда миссиясының өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тараптар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды іске асыру, екіжақты экономикалық байланыстарды кеңейту және америкалық бизнестің қатысуымен жаңа кооперациялық тізбектерді қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Делегация құрамына Apple, Boeing, Chevron, ExxonMobil, Shell, Bechtel, Honeywell, Mastercard, The Coca-Cola Company, PepsiCo, Meta, Ericsson, John Deere (Eurasia Group), Plug and Play Tech Center, Mayer Brown және басқа да 25 америкалық компания кірді.