in

Қытайлық электрлі көліктер сатылмай, бағасы төмендеуде

CNBC телеарнасының хабарламасына сүйенген Aikyn.kz , электромобильдердің бағасының төмендеу себептерін талдайды.

BYD мамыр айында аккумулятормен жүретін және гибридті көліктерінің бағасын 30%-ға дейін төмендеткен. Фото designboyo.com сайтынан алынды.

Қытайдағы ең ірі электрлі көлік өндіруші BYD биыл алғаш рет ай сайынғы жеткізілім көлемінің азайғанын хабарлады. Бұл – Қытайдағы қатал бәсекелестік пен электрлі көлік нарығындағы баға соғысының салдары. Бұндай жағдай Бейжіңдегі саясаткерлерді де мазалауда.

Li Auto мен Nio сияқты ірі қытайлық электромобиль өндірушілері де шілдеде сатылым көлемінің азайғанын мәлімдеген. Xiaomi, Leapmotor және Aito, Xpeng компаниялары шілдеде электромобиль сатуда азғана өсім көрсеткен.

BYD болса шілде айында 341 030 көлік сатса да, маусым айындағы 377 628 көрсеткіштен төмен. Бұл – биылғы алғашқы айлық төмендеу. Қаңтар айындағы 296 446 сатылымнан бері өсіп келе жатқан жеткізілімнен кейін алғашқы құлдырау шілдеде тіркелген. 

Мамыр айында компания аккумулятормен жүретін және гибридті бірнеше бюджеттік моделінің бағасын 30%-ға дейін төмендеткен. Бұл өзге өндірушілерді де осыған ұқсас әрекет жасауға итермеледі. Баға соғысы шиеленіскен сайын Қытай үкіметі артық бәсекелестікті тоқтатуға шақырды.

Li Auto шілде айында 30 731 көлік сатқан, маусыммен салыстырғанда 39,7%-ға аз. Компанияның сатылымы қатарынан екі ай бойы байқалуда. Nio сатылымы да шілдеде күрт төмендеген – 21 017 көлік нарыққа жеткізілген. Маусымдағы максимум 24 925-тен аз.

Li Auto мен Nio 31 шілдеде жаңа модельдерін таныстырды. Li Auto-ның алғашқы толық электрлі жол талғамайтын көлігі Li i8 үш модификацияда ұсынылып отыр: 44000–51000 АҚШ доллары. Осы бағамен сатылымдар 20-шы тамызда басталады деп күтілуде.

Nio-ның жаңа L90 үлгісінің бағасы 36700 доллар, немесе аккумуляторды жазылым арқылы пайдаланса – 24800 доллар. 6 орынды нұсқаның нарыққа шығарылуы 1 тамызда, ал 7 орынды нұсқа қыркүйек айының соңына жоспарланған.

Xiaomi шілдеде 30 000-нан астам электромобиль жеткізгенін мәлімдеді. Маусымдағы 25 000-нан жоғары. Бұл наурыздан бергі ең жоғары өсім, басты себебі – шілде басында YU7 жол талғамайтын көлігінің шығуымен байланысты.

Xpeng шілдеде рекордтық 36 717 көлік жеткізіп, 7-ші ай қатарынан 30 000-нан жоғары көрсеткішке жетті. 30 шілдеде компания Xiaopeng P7 седанының екінші буыны 6 тамызда Қытайда таныстырылатынын хабарлады.

Huawei қолдау көрсететін Harmony Intelligent Mobility Alliance альянсының құрамында Aito, Chery және Maextro брендтері бар. Альянс шілде айында 47 752 бірлік көлік жеткізгенін хабарлады. Бұл көлемнің басым бөлігі Aito-ның Wenjie сериясына тиесілі – 40 753 автокөлік.

 

Еуропалық Stellantis авто-алпауытының қолдауымен Leapmotor шілдеде 50 129 автокөлік сатылым жасаған. Бұл осы уақытқа дейінгі ең жоғары айлық көрсеткіш, және компания өсімнің тұрақты екендігін дәлелдеді. Керісінше, Geely-ге тиесілі Zeekr компаниясының жеткізілімдері шілдеде өзгеріссіз қалған – 16 977 автокөлік. Бұл маусым айындағы көрсеткішке шамалас.

Әлемге жылдам таралып жатқан қытайлық көліктердің сатылымы халықаралық нарықтағы жағдайдың жылдам өзгеруі мүмкін екенін көрсетеді. Электрлі көліктерге деген қызығушылық басым болып, ондай көліктердің жақсы және жаман тұстарын тұтынушы әлі де толық бағалай алмауда. Оған 5-10 жыл уақыт керек. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.