in

Үндістанда кәсіби теннисші қызды туған әкесі атып өлтірді

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 10 шілде күні Харьяна штатында кәсіби теннисші, 25 жастағы Радхика Ядав туған әкесінің қолынан қаза тапты. Times of India басылымының ақпараты бойынша,   Дипак Ядав қызына бес рет оқ атқан, оның үшеуі денесіне дөп тиіп, Радхика ауыр жараланған. Бір оқ тамағына, екеуі арқасына тиген. Ауруханаға ауыр халде жеткізілген спортшы қыз дәрігерлердің барлық күш салуына қарамастан көз жұмды.

Полиция Дипак Ядавты оқиға орнында ұстап, қаруын тәркіледі. Ол тергеу барысында қызының теннис академиясын басқарғанына қарсы болғанын айтқан. Себебі туыстары мен көршілері әкесін “қызының табысына ғана күн көріп отыр” деп жиі сөккен. Әкенің намысына тиген бұл сөздер мен отбасылық билікке талас кикілжіңге ұласқан.

Тағы бір болжам бойынша, Радхиканың әлеуметтік желіде белсенділік танытуы, видео түсіруге әуестеніп кетуі де әкесінің ашуын туғызған. Қазір бұл дерек те тергеліп жатыр. Радхика Ядав – жергілікті деңгейде бірнеше жарыста жеңіске жетіп, болашағынан үміт күттірген спортшы болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.