in

Үш күн суда жатқан жасөспірім аман қалды

Ол оқиғадан соң 11 күн комада болды, – деп хабарлайды Аikyn.kz   BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Оқиға 27 шілдеде Миссури штатындағы Гуз-Крик көлінің жанында болған. Коди Тренкл-кіші скейтборд теуіп жүрген кезде соңғы рет түскі уақытта көзге түскен. Сол сәттен кейін ол із-түзсіз жоғалып кеткен. Іздеу жұмыстары үш күнге созылды. Ақыры оның ағасы үйден 800 метр қашықтықтағы жардың шетінде Кодиға тиесілі скейтбордты тауып алды.

Жасөспірімді табуда жергілікті түрменің кинологиялық қызметіндегі ізшіл ит – Даррелл шешуші рөл атқарды. Ит 73 метр тереңдіктегі жыраның түбінде, су толған шұңқырда жатқан баланы тапты. Коди 80 сағаттан астам уақыт тамақсыз, сусыз, ауыр жарақаттарымен сол жерде жатқан. Оны тікұшақпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер мұны нағыз керемет деп бағалады.

Коди ауруханаға бас сүйегінің сынуы, миға қан құйылу, арқасындағы терең жаралар, суда ұзақ жатудан пайда болған инфекциялар, бактериялық пневмония, жедел бүйрек жеткіліксіздігі сияқты ауыр диагноздармен түсті. Оның өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер оны жасанды комаға жатқызды. Жасөспірім бала 11 күннен кейін есін жиды.

8 тамызда есін жия бастаған Коди алғашында сөйлей алмады. Бірақ төсегінің қасында отырған анасын танып, ыммен “Мен сені жақсы көремін” деп жеткізді.

Оның қырсықтығы өмірін сақтап қалды. Ол шала туған болып дүниеге келді де, сол кезде-ақ өмір үшін күресті. Енді бұл жағдай қайтадан қайталанды, – дейді анасы Стефани Нили.

Алда оны қозғалыс қабілеті мен сөйлеуін қалпына келтіру үшін бірнеше айлық оңалту күтеді. Дәрігерлер мұндай жарақаттар мен суықта ұзақ қалудан кейін аман қалуды – медициналық ғажайып деп атап отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.