in

“Ұрып-соғып, тамақ бермеген”: қарттарды пансионатта азаптап жатқаны рас па?

Уфадағы «Печки-лавочки» пансионатында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралып кеткен. Бейнежазбада қарияны төсек жаймасына орап, байлап, жәбірлегені көрінеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты SHOT  Telegram арнасына сілтеме жасап.

Бейнематериалды жолдаған аноним дереккөздің айтуынша, мұндай қатыгездік аталған мекемеде жиі болып тұрады. Әсіресе, наразылық білдірген қарттарға қысым қатты көрсетеді. Тіпті, пансионат қызметкерлері зейнеткерлерді ұрып-соғып, тамақ та бермейді екен.

Сонымен қатар  мекемеде тазалық жоқ, антисанитариялық жағдай, тарақандардың өріп жүргені де хабарланған.

Пансионат әкімшілігі бұл мәселеге қатысты пікір беруден бас тартты. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша Уфада қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиға бойынша ІІМ тексеру жүргізіп жатыр. Мекеме мекенжайына тергеу-жедел тобы жіберілді. Бұл туралы Башқұртстан Республикасы бойынша Ресей Федерациясы Тергеу комитеті  тергеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.