in

Әйелін үйге қамап қойған ер адам 3 жылға сотталды

Анталияда болған оқиғада ер адам жанжал кезінде әйелін үйге қамап қойған, – деп хабарлайды Аikyn.kz

TRThaber мәліметінше, әйел полицияға хабарласып, көмек сұраған. Тергеу нәтижесінде ер адамға «бостандықты шектеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бастапқыда Манавгат аудандық соты айыпталушыны ақтағанымен, апелляциялық сот бұл шешімді өзгертіп, 3 жыл қатаң режимдегі түрме жазасын тағайындады. Ер адам бұл шешімге қарсы шыққанымен, Жоғарғы сот үкімді заңды деп танып, күшінде қалдырды.

Бұл іс Түркияда отбасы ішіндегі бостандықты шектеу әрекеттеріне қатысты алғашқы прецеденттік шешелердің бірі ретінде тарихқа енді.