in

18 тамызда Зеленский Вашингтонда Трамппен кездеседі

Зеленскийдің кеңсесі Трамппен сөйлесу «ұзаққа созылғанын» мәлімдеді. Президенттер алдымен оңаша сөз сөйледі, содан кейін оларға еуропалық көшбасшылар қосылды.

Зеленский Telegram арнасында Трампқа Украина-АҚШ-Ресей үшжақты конференциясын өткізуді ұсынғанын мәлімдеді.

Украина басшысы Трамппен кездесу үшін 18 тамызда Вашингтонға баратынын растады.

Трамп Аляскада Путинмен болған саммиттен кейін Fox News телеарнасына берген сұхбатында  бәрі Владимир Зеленскийге байланысты екенін айтты.

Ақ үй басшысы, сондай-ақ Украина және Ресей президенттерімен өтетін үшжақты кездесуге қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

– Егер олар қаласа, мен осы кездесуде боламын. Ендігі кезекте Зеленский мен Путин арасындағы және менімен кездесуді ұйымдастырмақшы, – деді ол.

Трамп сонымен бірге Fox News-ке берген сұхбатында Аляскада Путинмен кездесуін жоғары бағалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.