Samsung, Huawei, Xiaomi, Google секілді ірі компаниялар бұл салаға мол қаржы құйып, жаңа функциялар енгізуде. Ал Apple айтарлықтай жаңалық ұсынбай, сынға қалды. Siri-ге ChatGPT қосылғанымен, компанияның баяу қадамдары көпшіліктің сынына қалды.
Камера сапасы бойынша да Apple бәсекелестерінен артта қалып отыр. DxOMark рейтингінде Huawei Pura 80 Ultra – 175 балмен ең жоғары көрсеткішке шықса, iPhone 16 Pro Max небәрі 161 балл жинап, бесінші орынға тұрақтады.
2025 жылдың екінші тоқсанында Samsung 60,6 млн телефон сатып, әлемде бірінші орын алды. Apple – 46,4 млн телефон сатып, екінші орынға тұрақтады. Дегенмен бренд құны бойынша Apple көш бастап тұр. Компанияның құны – 574,5 млрд доллар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.