in

GÖKÇE сынақтан сәтті өтті – Түркия енді дәл бағыттайтын технологияны өзі жасайды

Түркия алғаш рет GÖKÇE жаңа буын бағыттау жүйесін AKINCI ұшқышсыз шабуылдау аппаратынан сәтті сынап көрді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

TRThaber мәліметінше, сынақ нәтижесінде бомба белгіленген нысанаға дәл тиді.

GÖKÇE – әуеден тасталатын бомбаларға орнатылатын ақылды бағыттау құрылғысы. Ол ұшу кезінде нысананы өзгерте алады, кез келген ауа райында, күндіз де, түнде де жұмыс істейді.

Бұл – Түркияның ұлттық әскери технологиясын дамыту жолындағы маңызды жетістігі.  GÖKÇE жүйесі AKINCI дронына толық енгізілді.