Америкалық астронавттар Энн Макклейн мен Никол Айерс, жапондық астронавт Такуя Ониши және ресейлік ғарышкер Кирилл Песков 8 тамызда SpaceX компаниясының Dragon капсуласымен Халықаралық ғарыш стансасынан ұшты.
Жерге қайтар жол шамамен 18 сағатқа созылды. Олар 9 тамызда Астана уақытымен 21:33-те Калифорния жағалауындағы Тынық мұхитына қонады.
Crew-10 миссиясының оралуымен NASA-ның коммерциялық пилоттық ұшулар бағдарламасы аясындағы оныншы экипаж ротациясы аяқталды. 146 күндік орбитада болған уақыт ішінде команда 200-ден аса маңызды және жедел ғылыми эксперименттер жүргізді. Олардың қатарында өсімдіктердің өсуі мен микрогравитация жағдайындағы жасушалардың әрекетін зерттеу бар.
Crew-10 миссиясы 14 наурызда басталып, Crew-9 экипажын алмастырды. Crew-9 құрамындағы Барри “Батч” Уилмор мен Сунита “Суни” Уильямс Boeing Starliner кемесіндегі қозғалыс басқару жүйесінің ақауына байланысты жоспарланған мерзімнен тоғыз айға ұзақ уақыт ХҒС-та қалды. Ақырында оларды Жерге SpaceX капсуласы жеткізді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.