Бүгін Армения премьер-министрі Никол Пашинянның ресми түрде отставкаға кеткені белгілі болды. Сондай-ақ ел үкіметі де толық құрамда отставкаға кетті, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған astana24.com.
Басылымның мәліметінше, бұл туралы Пашинянның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған.
"Бүгін Армения Ұлттық жиналысының XIX шақырылымының отырысы басталды. Конституцияның 158-бабына сәйкес, жаңадан сайланған Ұлттық жиналыс жұмысын бастаған күні үкімет отставкаға кетеді", – деді Пашинян.
Сонымен қатар ол қазіргі үкіметтің отставкаға кетуі туралы құжатқа қол қойған. Құжат ел президенті Ваагн Хачатурянға қол қоюға жіберіледі.
