in

"Артемида-2" миссиясының ғарышкерлері Жерге оралды (видео)

Бүгін, 11 сәуірде "Артемида-2" миссиясының ғарышкерлері Айды айналып ұшуын аяқтап, Жерге оралды, деп хабарлайды NASA-ға сілтеме жасаған astana24.com.

NASA-ның мәліметінше, "Артемида-2" миссиясының аясында Айды айналып ұшқан "Орион" ғарыш кемесі АҚШ-тың Калифорния штатындағы Тынық мұхитына сәтті қонған.

"11 сәуірде сағат 20:07-де (Астана уақыты бойынша таңғы 5:07-де) олар парашюттардың көмегімен Сан-Диего жағалауындағы Тынық мұхитына сәтті қонды", – делінген хабарламада.

Құрамында командир Рид Уайзман, ұшқыш Виктор Гловер және миссия мамандары Кристина Кох пен Джереми Хансен бар экипаж ғарыш кемесінен аман-есен эвакуацияланған.

Ғарышкерлерді капсуладан шығарып алғаннан кейін олар медициналық тексеруден өту үшін АҚШ Әскери-теңіз күштерінің USS John P. Murtha құтқару кемесіндегі медициналық бөлімшеге жеткізілген.

Welcome home Reid, Victor, Christina, and Jeremy!

The Artemis II astronauts have splashed down at 8:07pm ET (0007 UTC April 11), bringing their historic 10-day mission around the Moon to an end. pic.twitter.com/1yjAgHEOYl— NASA (@NASA) April 11, 2026

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірде NASA "Артемида-2" миссиясының аясында "Орион" кемесін Айға ұшырды. Айға төрт ғарышкер бет алған болатын.

Айта кетейік Айға соңғы рет адам 1972 жылғы желтоқсанда Apollo 17 миссиясы аясында ұшырылған болатын.