in

Атақты Renault компаниясы Украина үшін дрон құрастыруы мүмкін

8 маусымда Renault компаниясы Франция Қорғаныс министрлігінен дрон өндіру мүмкіндігіне байланысты ұсыныс алғанын растады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Reuters агенттігінің мәліметінше, қазіргі уақытта тек алдын ала келіссөздер жүргізіліп жатыр, нақты шешім әлі қабылданбаған.

«Бізге Қорғаныс министрлігі дрон өндіру мүмкіндігі туралы хабарласты. Келіссөздер өтті, бірақ әзірге жоба туралы толық ақпаратты күтіп отырмыз», – делінген Renault-тың Reuters агенттігіне берген мәлімдемесінде.

Бұған дейін Францияның Қорғаныс министрі Себастьен Лекорню Украинада дрон шығаратын өндірістік желілерді құру үшін ірі француз автокөлік өндірушісі мен шағын қорғаныс компаниясы арасында серіктестік орнату жоспарланып жатқанын хабарлаған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз