in

АҚШ Орталық әскери қолбасшылығы Ормуз бұғазы миналардан тазартылғанын мәлімдеді

АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы Брэд Купер Ормуз бұғазының миналардан тазартылғанын хабарлады. Бұл миналарды Иран тарабы орнатқан, деп хабарлайды astana24.com.

Әскери қызметшінің мәлімдемесі CENTCOM-ның X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Купер миналарды Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы бірнеше ай бұрын орнатқанын жеткізді.

Операцияға АҚШ Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлері, Navy SEALs жауынгерлері, сондай-ақ құрлық әскерлерінің, Әскери-теңіз, Әуе күштері мен Теңіз жаяу әскерлерінің авиациясы қатысты. Ведомство басшысы жұмыстың күрделі әрі қауіпті жағдайда өткенін атап өтті.

"Ең бастысы – бүгінде халықаралық кеме қатынасы бағыттары ашық және оң динамика артып келеді", – деді ол.

Update from CENTCOM Commander: pic.twitter.com/osPbltjJ1C— U.S. Central Command (@CENTCOM) August 28, 2026

Айта кетейік, бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігі Ормуз бұғазына қатысты меморандумның мән-жайын жариялаған. Оған сәйкес, бұғаз арқылы тек сауда кемелері өте алады.

Келіссөздер барысында тараптар Ормуз бұғазындағы кеме қатынасынан түсетін табысты бөлісу туралы уағдаласты.