in

Грекияда аптап ыстықтан орман өртенді

Бұл туристер мен тұрғындар үшін нағыз сынаққа айналды. Олар қолшатырды көлеңкелеп, қолданбалы желдеткіштердің көмегімен жан сақтап әлек. Зат жеткізушілер мен құрылысшыларға түскі сағат 11-ден 4-ке дейін жұмыс істеуге тыйым салынды. Медициналық көмек үшін жедел желі іске қосылған. “Жығылғанға жұдырық” демекші, Афина маңындағы орман отқа оранды. Палеа-Фокеа ауданында 5 елді мекен тұрғыны бірден қауіпсіз жерге көшірілген. Тілсіз жау шыққан аумаққа 130 өрт сөндіруші мен 20 техника тартылды. Бірнеше үйді өрт шалған. Синоптиктер ыстықтың беті апта соңына дейін қайтпайтынын ескертті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.