АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы ауыр санкциялар салуға дайын екенін мәлімдеді. Алайда ол бұл қадамды екі шарт орындалған жағдайда ғана жүзеге асыратынын айтты:
Барлық НАТО елдері бірлесіп, дәл сондай санкциялар енгізуі тиіс.
НАТО елдері Ресей мұнайын сатып алуды толық тоқтатуы керек.
Трамптың айтуынша, кейбір мемлекеттердің ресейлік мұнайды сатып алуы НАТО-ның келіссөздегі позициясын әлсіретіп отыр.
«Мен әрекет етуге дайынмын. Ал сіздер дайын болғанда, айта салыңыздар», – деді АҚШ президенті.
Сонымен қатар Трамп НАТО-ға Қытайға қарсы 50-100% көлемінде тариф енгізуді де ұсынды.