in

Зеленский Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Федерациясымен байланысы бар компаниялар мен жеке тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған astana24.com.

Басылымның мәліметінше, Украина басшысы Киевтің нұсқасы бойынша Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенімен байланысы бар 23 компания мен оларға қатысы бар 20 жеке тұлғаға санкция салған. Тиісті жарлық Украина президентінің сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, тізімге енген 20 компания Ресейде, екеуі Беларусьте, тағы біреуі Украинада тіркелген. Ал санкцияға ілінген жеке тұлғалар, Киевтің пайымдауынша, тізімге енген кәсіпорындармен байланысты.

Шектеулер активтерді бұғаттауды, бағалы қағаздармен операциялар жасауға тыйым салуды және жеке тұлғалардың Украинаға кіруіне тыйым салуды көздейді.