in

Израиль сарбаздары арасында суицид пен психологиялық күйзеліс көбейді – The Washington Post

Газа секторындағы соғыс басталғалы бері Израиль армиясы қатарына посттравматикалық күйзеліс (PTSD) пен өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары күрт артқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz

The Washington Post дерегінше, мыңдаған әскерилер соғыс салдарынан психологиялық көмекке жүгінген.

Қорғаныс министрлігінің дерегінше, 11 мыңнан астам сарбаз арнайы психологиялық реабилитация бағдарламасына тіркелген. Сонымен қатар, 37 суицид оқиғасы тергеліп жатыр — бұл бұрынғы соғыстармен салыстырғанда үш есе жоғары көрсеткіш.

Әскери басшылық пен денсаулық сақтау мекемелері қазір жаңа қолдау бағдарламаларын енгізіп, майданнан оралған сарбаздарға алғашқы психологиялық көмек көрсету мен суицидтің алдын алу шараларын күшейтіп отыр.