Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) өкілі Али Мохаммед Наини АҚШ пен Израильге тиесілі 200 нысана жоғары дәлдіктегі зымырандармен соққыға ұшырағанын мәлімдеді.
Наини бұл туралы қатысқан іс-шара барысында сөйлеген сөзінде айтты. Оның айтуынша, соғыс басталған алғашқы күннен-ақ Иран күштер тепе-теңдігін өзгерте алған.
ИРСК өкілі Иранның кемінде алты айға созылатын ауқымды соғысқа дайын болғанын да атап өтті. Оның сөзінше, әскери әрекеттер барысында 200 нысанаға зымыран соққысы жасалған, сондай-ақ 2600 дрон қолданылып, 600 зымыран ұшырылған.
Наинидің айтуынша, соғыстың алғашқы үш күнінде қолданылған әскери күш көлемі өткен жылғы 12 күндік соғыс кезінде пайдаланылған күшпен шамалас болған.
