in

Иранда америкалық ұшақ құлады: ұшқыштарды тапқандарға сыйақы жарияланды (видео)

Иранда америкалық бомбалаушы ұшақ апатқа ұшырады. Іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр. Ал ұшқыштарды тапқандарға сыйақы жарияланды, деп хабарлайды astana24.com CNN-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін Иран атып түсірген бомбалаушы ұшақтың экипаж мүшелерінің бірі тұтқынға алынғаны, ал екіншісі іздестіріліп жатқаны хабарланған.

Алайда телеарна өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, тың деректерді ұсынды. CNN мәліметінше, АҚШ әскерилері құлаған жойғыш ұшақтың ұшқыштарының бірін құтқарып қалды.

"Экипаждың екінші мүшесінің жағдайы әлі белгісіз, ал АҚШ іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда", – делінген хабарламада.

Ақ үйдің баспасөз қызметі Трамп бұл оқиғадан хабардар екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Ал Иран бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран жоғалған экипаж мүшелерін таба алмай жатыр.

"Оңтүстік-батыстағы Кохгилуйе және Бойер Ахмад провинцияларындағы жергілікті саудагерлер экипажды тірі тапқандарға 10 млрд томан (76 000 доллар) сыйақы ұсынып отыр. Ирандық футболшы да "Персеполис" футбол клубында ойнап жүргенде жеңіп алған медальдарын сыйақы ретінде ұсынды", – делінген мақалада.