Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Испаниядағы теміржол апатынан қаза тапқандар арасында ел азаматтары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды astana24.com.
"Қолда бар ақпарат бойынша, Испаниядағы теміржол апаты салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", – деп хабарлады ҚР СІМ.
Бұл ретте ведомство деректерді тексеруді жалғастырып жатқанын нақтылады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Испанияда пойыздар соқтығысып, кемінде 46 адамның қаза тапқаны белгілі болған еді.
Кейінірек испаниялық БАҚ теміржол апатынан қаза тапқандар саны 50 адамға дейін өскенін, сондай-ақ кемінде 179 адамның зардап шеккенін хабарлады.
