in

Мадагаскарда төңкерістен кейін Z ұрпағы өздерінде саяси дауыстың болуын талап етті

Мадагаскарда әскерилер билікті басып алғаннан кейін елдің жас буыны – Z ұрпағы (1990-жылдардың ортасынан кейін туғандар) саяси өзгерістер мен өз дауыстарының естілуін талап етіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жастардың айтуынша, олардың мақсаты – тек президентті ауыстыру емес, елдің басқару жүйесін түбегейлі өзгерту. Наразылық акцияларында студенттер мен белсенділер «Біз шынайы өзгеріс пен әділдік талап етеміз» деп мәлімдеді.

Reuters мәліметінше, әскерилер осы аптада президент Андри Ражуэлинаны қызметінен шеттетіп, билікке полковник Михаэль Рандриэниринаны әкелді. Ол ел президенті ретінде ант қабылдап үлгерді.

Z ұрпағының наразылығы елдегі жұмыссыздық, инфрақұрылым тапшылығы және саяси жемқорлыққа қарсы бағытталған. Белсенділердің айтуынша, Мадагаскардың болашағы жастардың еркіндігі мен пікірін ескергенде ғана айқын болмақ.

БҰҰ мен Африка одағы әскери төңкерісті айыптап, азаматтық билікті тез арада қалпына келтіруге шақырды.