in

«НАТО-ның өмір сүру құқығы қалмады» – Италия қорғаныс министрі

Италияның қорғаныс министрі Гвидо Крозетто НАТО саммиті қарсаңында альянстың қазіргі замандағы маңыздылығына күмән келтірді, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

DW сайты таратқан мәліметке сәйкес, Падуя университетінде сөйлеген сөзінде ол: «НАТО-ның өмір сүру құқығы қалмады. Уақыт өзгерді», – деді.

Министрдің айтуынша, АҚШ пен Еуроодақ әлемнің орталығы болудан қалды, сондықтан НАТО жаңа жағдайларға бейімделіп, “жаһандық Оңтүстікті” серіктес ретінде қабылдауы тиіс.

Гвидо Крозетто Еуроодақтың рөлі де төмендегенін айтып, Еуропа саяси ықпалға ие бола алмағанын сынға алды.

Айта кетейік, Италия – НАТО-ны 1949 жылы құрған 12 мемлекеттің бірі. Алайда 2024 жылы елдің қорғаныс шығыны ЖІӨ-нің небәрі 1,49% ғана құрады, бұл НАТО ұсынған 2% деңгейінен төмен.

НАТО саммиті 2025 жылғы 24–26 маусымда Гаагада өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз