in

Ресей Украинаға бұрын-соңды болмаған әуе шабуылын жасады – 823 зымыран мен дрон қолданылған

7 қыркүйек күні түнде Ресей армиясы Украинаға рекордтық көлемде әуе шабуылын жасады. Бұл туралы Украина Қарулы күштері Әуе күштері қолбасшылығының коммуникация басқармасының бастығы Юрий Игнат мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz  

Оның айтуынша, шабуылға пайдаланылған барлық зымырандар –  жерүсті кешендерінен атылған. Шабуылдан ең көп зардап шеккен аймақтар –  Одесса, Киев, Днепропетров және Запорожье облыстары.

“Қазірдің өзінде 54 дронның тікелей соққысы тіркелді. Сонымен қатар  кейбір ұшқышсыз аппараттар атып түсірілгеннен кейін құлап, зардап келтірген жағдайлар да болды”,  – деді Игнат.

Сондай-ақ ол 9 зымыранның тікелей тигені расталғанын айтты.

“Бұл түн өте ауыр болды. Қазір әлемдік медиалар тағы бір антирекорд туралы жазатын болады. Барлығы 823 әуе шабуыл құралы қолданылғаны – Украина үшін бұрын-соңды болмаған көрсеткіш”, – деп толықтырды Игнат.

 

Қазіргі уақытта шабуыл салдары мен зардаптары нақты анықталу үстінде.