in

Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан әскери одақ құру туралы келісімге келді

Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан әскери одақ құруға келісті. Құжатқа үш елдің басшылары қол қойды, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған astana24.com.

NTV телеарнасына сілтеме жасаған ТАСС агенттігінің жазуынша, келісімге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Сауд және Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф қол қойған.

Анкарадағы дереккөздердің мәліметінше, тараптар әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуды, Таяу Шығысты қоса алғанда, аймақтық дағдарыстарды реттеу бойынша күш-жігерді үйлестіруді және барлау туралы ақпаратпен алмасуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бірқатар елдерде "исламдық НАТО" деп аталатын одақты құру бойынша келіссөздер өткен жылдың соңынан бері жүргізіліп келді. Оның бағыттарының бірі – Сауд Арабиясы мен Пәкістанның Түркияның бесінші буындағы Kaan жойғыш ұшағын жасау бағдарламасына қосылуы болуы мүмкін.