in

Хуситтер Израиль әуежайына баллистикалық зымыранмен соққы жасады

Бүгін Йемендік хуситтер Израильдің Бен-Гурион әуежайына “Палестина-2” атты гипердыбысты баллистикалық зымыранмен шабуыл жасағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

EAdaily мәліметінше, бұл туралы хуситтердің «Ансар Аллах» қозғалысына тиесілі Al Masirah телеарнасы хабарлады.

Қозғалыс өкілі Яхья Сарианың айтуынша, операция сәтті өткен, әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылған.

Израиль армиясы (ЦАХАЛ) зымыранның 6 шілде түні Йеменнен ұшырылғанын растады. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі іске қосылып, зымыран ұсталып қалғанын хабарлады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз