Ош қаласының орталық алаңында орналасқан Владимир Лениннің ескерткіші бүгін демонтаждалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
24.kg сайтының мәліметінше, ескерткішті бұзу туралы шешімді Ош қаласының әкімдігі қабылдаған. Қазіргі уақытта муниципалитеттің баспасөз қызметі ресми пікір білдірмеген.
Айта кетейік, Оштағы бұл ескерткіш Орталық Азиядағы ең биік Ленин мүсіні болған. Оның салмағы 7,5 тоннаға жеткен. Ол 1975 жылы орнатылған екен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз