in

Үндістандағы ұшақ апатының алдын ала себебі белгілі болды

15 беттен тұратын есепте жанармай беру жүйесінің ажыратылғаны айтылған.

ВВС агенттігінің мәліметінше, ұшақ ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай-ақ екі тумблері істен шыққан.

Әдетте бұл тумблер ұшақ жерде тұрған кезде қозғалтқыштарды іске қосу және өшіру үшін қолданылады.

Айта кетейік, ұшақ 12 маусым күні Ахмедабад қаласынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай тұрғын үйге құлаған.     Апат салдарынан 240-тан астам адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.