– Өзбекстан Израильдің Доха қаласына жасаған соққыларын айыптап, оны егемендік құқығын бұзу және Қатар мемлекетінің қауіпсіздігіне қатер төндіру деп санайды. Мұндай әрекеттер БҰҰ жарғысына, сондай-ақ халықаралық құқық қағидаларына қайшы, – делінген СІМ мәлімдемесінде.
Ведомстводан атап өткендей, Өзбекстан Таяу Шығыстағы онсыз да күрделі жағдайды ушықтыратын кез келген әрекетке түбегейлі қарсы.